47
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
киімін киерде алдымен оң аяғын киетін еді. Мешіттің
табалдырығын оң аяғымен аттайтын және бір нәрсе та-
рататын болса алдымен оңжағындағылардан бастайтын.
Бір істі бастарда «бисмилләһ» деуді ұмытпайтын. Киімді
де оң жағынан киіп, сол жағынан шешетін.
Хазіреті Әнәс (радиаллаһу анһу) айтады: «Расулұллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір күні үйіме келіп, су
сұрады. Ал мен сүт бердім. Ішті. Оның сол жағында
Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу), алдында Хазіре-
ті Омар (радиаллаһу анһу), ал оң жағында бір бәдәуи
(ауылдық араб) отырған еді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүтті ішіп болған соң,
Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу), ыдысты Хазіреті Әбу
Бәкірге (радиаллаһу анһу) берейін дегенде Расулұллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ыдысты оң жағында
отырған бәдәуиге беруін өтінді».
83
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сахабаларын, және баласы бар әйелдерді күниелері-
мен
84
шақыратын еді. Баласы жоқ әйелдер мен балалар-
ға да күние тауып барып шақыратын еді. Осылайша, бар-
ша жұрттың көңілін көтеріп жүретін».
85
83. Бұхари , Әшрибә 18; Әбу Дәуіт, Әшрибә 19.
84. Күние: Өзі аты мен лақап атынан бөлек қолданылатын және
«әбу, ибн, бинт, үмм (әке, ұл, қыз, ана) » сияқты сөздермен
айтылатын тәртіп.
85. қар. Әбу Дәуіт, Әдеп, 77, 78.