Previous Page  50 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 50 / 114 Next Page
Page Background

52

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

тәһәжжүд намазын оқы!» -

делінген.

86

Тәһәжжүд намазынан кейін біраз тынығып ала-

тын да, таңғы азанмен қайта оянатын. Сүннет пен нәпіл

намаздарын парыз болған намаздарға қарағанда тез

оқитын, ал парыз болған намаздарда Құранның ұзақ

сүрелерін оқитын. Бесін мен екінті намаздарында

таң намазында оқыған сүрелерінен қысқа сүрелер

оқитын. Соның өзінде бесін намазының алғашқы

рәкағатында отыз, екінші рәкағатында он бес, неме-

се жиырма, ал екінті намазында он бес аяттан оқыған

кездері болған еді.

Тәһәжжүд намазынан бөлек духа намазы мен үтір на-

мазы да Ол үшін уәжіп еді.

87

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

салмақты әрі байсалды еді. Ғибадат пен зүһдтік

өмірде де астамшылықтан сақтанып, басқаларды

да сақтандырып жүретін еді. Әнәс бин Маликтің

(радиаллаһу анһу) риуаяты бойынша мынадай

оқиға айтылады. Үш кісі бір күні Пайғамбары-

мыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ғибадаттары

жайлы білгілері келіп, әйелдеріне барады. Әйелдері

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ғибадат өмірі жайлы айтып бергенде, олар бұл

айтылғандарды азсынып: «Әрине, Ол – пайғамбар,

Оның өткен-кеткен бүкіл күнәлары кешірілген.

Біз Ол сияқты бола алмаймыз», - дейді. Іштерінен

86. Исра сүресі, 79-аят.

87. Ахмед бин Ханбәл. I, 231.