54
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә) анамыз бізге
Расулұллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмір
бойы Аллаһ Тағаланы зікір етіп оны ұлықтағанын айта-
ды. Ол бір сәт те болса зікірден айрылмай өмір сүрген.
Отырғанда, жатқанда, жүргенде, ұйықтағанда, дәрет
алғанда, саяхатқа шыққанда, үйінен шығарда, мешітке
бара жатқанда, жаумен соғысқанда әрқашан Аллаһты
зікір етіп, әрқашан Оның есімін ұлықтап жүретін еді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
адамдарды зікір етуге әуестендіріп, былай дейтін:
«Істеріңіздің ең жақсысы, Раббыңыздың алдында ең
таза, дәрежелеріңізді барынша көтеретін және алтын-
күмісті садақа етіп бергеннен де қайырлы іс, ол - Аллаһты
зікір етулеріңіз».
91
Әбу Саид әл-Худри Пайғамбарымыздан (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) сұрайды:
«Уа, Расулаллаһ! Қиямет күні Аллаһ құзырында
дәрежесі ең жоғары болатын құлдар кімдер?» Аллаһ
Расулі былай дейді:
«Аллаһты көп зікір еткендер (еске алғандар)».
92
Пайғамбарымыз үшінзікір айтыпжүру(шұғылдану)
адамдарды тұтқыннан босатудан да қайырлы еді. Ол:
«Аллаһты зікір етуге отырып, күн шыққанша Оны
ұлықтау (тәкбир, Аллаһу Әкбар), мадақтау (Тахмид,
Әлхамдулиллаһ), күллі кемшіліктерден пәк қылу (Тәсбих,
91. Тирмизи. Дағуат 6: Муатта, Құран 24, ибн Ханбәл, V, 239,
VI. 447.
92. Ахмед бин Ханбәл. III, 75