60
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
пайдаланып, Пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) өлтіргісі келеді. Аллаһ Расулі оянып кеткен
кезінде бәдәуидің қылыш алып, үстіне төніп келе
жатқанын көреді. Бәдәуи айқайлап:
«Сені менің қолымнан енді кім құтқара алады?» -
дейді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Аллаһ!»
- дегенінде, бәдәуидің қолындағы қы-
лыш жерге түсіп кетеді.
105
Міне, бұл Оның Аллаһқа де-
ген сенімі мен шынайы берілуі.
5. Сабыр етуі және шүкіршілігі
Оның өмірі – Құдайдың бүкіл әмірлерін бұлжытпай
орындағанының куәсі. Ол пәлекет-бәлелерге са-
быр етіп
,
қайыр мен нығметке жеткенде шүкіршілік
ететін. Асхабының бірі бір күні ең үлкен бәлеге кімдер
ұшырайтынын сұрайды. Пайғамбар (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) былай дейді:
«Түрлі бәлелерге басқалардан гөрі пайғамбарлар
көп ұшырайды. Ал, басқа адамдар рухани мәртебе-
леріне (имандағы дәрежелеріне) қарай сыналып,
пәлеге ұшырайды».
106
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ның өмірі осы баянға сәйкес келеді. Ол бүкіл пайғам-
барлардың көсемі болғандықтан олардың арасын-
да пәлекет пен бәлеге көп ұшырағаны еді. Оның өмір
жолын зерттегендер Оның өмірі бастан аяқ азап пен
машақаттарға толы екендігін айтады. Құран оған са-
бырлы болу керектігін ескертеді:
105. Асры сағадат II, 55.
106. Тирмизи, Зүһд 57; ибн Мәжә, Фитән 23; Дарими. Риқақ 76.