64
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қалыпта күн көрісін қамтамасыз еткен және осыған
қанағат тұтып, өмірін ұлы даумен өткізуге бел буған ұлы
адамды көрсетеді.
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір күні мешіттен шыққанда, Хазіреті Әбу Бәкір мен
Хазіреті Омарды (радиаллаһу анһу) жолықтырады.
Олардан не үшін сыртқа шыққандарын сұрапты.
Олар «аштықтан» дейді. Расулұллаһта (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм):
«Мен де солай», -
дейді.
Үшеуі бірден Әбу Хәйсәмнің үйіне барады. Әбу
Хәйсәм пышақ сұрап алып, бір қой сояды. Құрма
ағашына іліп қойған торсығындағы тәтті суды да
әкелді. Олар дастарханға отырып, ет жеп, су ішті.
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Бүгінгі тамақтың да есебін бересіңдер», -
деді.
111
Қатты жақсы көретін қызы Хазіреті Фатима
(радиаллаһу анһә) да кедей тұратын. Қол диірменмен
ұн тартады, құдықтан су алады. Тіптен осыдан
қолдары жараланған кездері де болған. Бір күні
әкесі Расулұллаһтан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
тұтқындардың б і р е у і н көмекші ретінде сұрады.
Бірақ Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оның тілегін орындамады. Хазіреті Әлиге (радиаллаһу
анһу):
«Асхабы суффа осындай таршылық көріп жүргенде,
сендер мұндайды қалай сұрай аласыңдар?» -
дейді.
112
111. қар. Әбу Дәуіт, Әтғимә, 54; Тирмизи, Зүһд 39.
112. Асры сағадат II, 70.