63
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Ибн Мәсғуд (радиаллаһу анһу) айтады: «Бір күні
Расулұллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бөлмесіне кірдім. Алашаның үстіне ұйықтапты. Ал
алаша Оның киелі денесіне батып, із қалдырған.
Мен: «Ей, Расулұллаһ! Алашаның үстіне бір нәрсе
салайық па?» - дедім. Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм):
«Дүние мені қызықтырмайды. Дүние мен менің мы-
салым бір ағаштың астында біраз уақыт демалған
соң, ол жерді тастап кететін жолаушы сияқты», - деп
бұйырды.
110
Хазіреті Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) «мектебі» - зүһд пен қанағат мектебі. Ол мек-
тепте күніне бір дирхам (күміс ақша) жұмсап, Аллаһты
және Оның құлдарын барынша қуантып, қала мен
мемлекет басқаратын үлкен басшы, әкімдерді, әрі әулие
құлдарды тәрбиелеген.
Ибн Хишамның Зәйд бин Асләмнан (радиал-
лаһу анһу) алған риуаятына қар ғанда, Аллаһ Расулі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Үсәйд ұлы Аттабты
(радиаллаһу анһу) Меккенің ә к і м і етіп тағайындап,
айлыққа күніне бір дирхем берген.
Жаңа әкім халыққа құтба оқып, былай дейді:
Ей, адамдар! Аллаһ біреудің мұқтажын толықтыр-
ды. Расулұллаһ маған күніне бір дирхам береді. Мен
біреудің сыйлығына (көмегіне) мұқтаж емеспін».
Бұл сөз бізге бір дирхаммен, яғни ең төменгі
110. Тирмизи, Зүһд 44