Previous Page  59 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 59 / 114 Next Page
Page Background

61

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«

(Әй, Мұхаммед! Мүшриктердің тауқыметіне)

Сен жігері мұқалмаған пайғамбарлардың табан-

дылығындай сабырлыбол

»

.

107

Ол да бүкіл азаптарға Аллаһқа сүйеніп, сабыр еткен.

Адам баласы өткінші пәлекеттер мен азын-аулақ

соққыларға төзе алады. Алайда, бірінен соң б і р і кел-

ген пәлекеттер мен бәләлерге төзу мүмкін емес

Хазіреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) хижреттен бұрынғы Меккедегі он үш жылын

машақатпен, қиыншылықпен, азаппен өткізген. Мек-

ке мен Тайфтың тасжүрек қарақшылары Оны он үш

жыл бойы мазақ еткен. Оны әр түрлі азаптарға дұшар

етіп, әр түрлі қорлық пен әдепсіздік көрсеткен. Бұл

азап-қорлықтардың барлығына тек Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сияқты ең мықты

пайғамбар ғана төзе алатын еді.

Үлкен істерде керемет табысқа жеткен кемеңгерлер,

ордабасы мен жеңімпаздар бұл табыстарын өздерінің

ақыл, парасаттылық пен білімділіктерінен деп ойлады.

Бірақ, Аллаһқа жақын кісілер бұл табыстың Аллаһтың

сый-сыяпаты екенін біліп, Оған шүкіршілік етеді. Ал,

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

нығмет пен жеңіске қолы жетсе, дереу Аллаһқа сыйы-

ныпшүкіршілік сәждесіне жығылатын. Меккені аларда

Зитуа деген жерге жеткенде, өзін Аллаһ Тағаланың

табысты еткендігін біліп, түйесінің үстінде сәждеге

жығылған еді.

107. Ахқаф сүресі, 35-аят.