57
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бұларды «Мунзирин» дейді. Мәселен Хазіреті
Нұх
(аләйһиссәләм),
Хазіреті Мұса
(аләйһиссәләм)
сияқтылар. Ал, келесі топ Аллаһтың жамалы мен
жақсылықтарын айтып, адамдарды мейірім, махаб-
бат, ғашықтық және жәннатпен қуантып, Хақ жолына
шақырған.ОларХазіретіЯхия
(аләйһиссәләм),
Хазіре-
ті Иса
(аләйһиссәләм)
сияқтылар. Екі топ та өздері
жіберілген кезеңнің қажеттілігіне сай қасиеттерге
ие болған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) –осы екі ерекшелікті тең дәрежеде ұстай
білген пайғамбар. Осыған байланысты Құранда:
«
Сөзсіз, Біз сені рахметімізбен
қуантушы,
ал азабымызбен қорқытушы
қылып, хақ болған
Құранмен жібердік
»
,
99
-
делінген.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Құран тілімен айтқанда «өткен және алдағы бүкіл
күнәлары кешірілгендігі
»
100
жайында хабарланған
пайғамбар екендігіне қарамастан, қозғалмастан
аяқтары ісіп кеткенше түнгі намазын оқитын. Мұны
көрген әйелдері Одан:
«Ей, Расулұллаһ! Сен Аллаһтың кешіріміне бө-
ленген пайғамбарсың. Өзіңді неге мұнша қинайсың?»
- деп сұрағандарында, Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) былай жауап береді:
«Бұл үлкен нығметтің шүкіршілігін өтеу керек емес
пе?».
101
99. Бақара сүресі, 119-аят.
100. Фәтх сүресі, 2-аят.
101. Бұхари, Тәһәжжүд 6.