55
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Субханаллаһ)және Оны бірлеу (тәһлил, лә иләһа иллаллаһ)
ісі, мен үшін - Исмайл пайғамбардың әулетінен екі немесе
одан да көп құлды азат етуден артық», - деген.
93
2. Аллаһтан қорқуы
Хазіреті Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
- пайғамбарлардың соңғысы, адамзат атаулысының
ең кемелдісі және Аллаһтың сүйікті құлы бола тұра
Аллаһтан қорқатындығы соншалықты, кейде
«Мах-
шар күні қандай күйге түсер екенмін?»
деп, Аллаһтан
қорқып, нұрлы көздерінен жас аққан кездері болған
екен.
Бір күні Абдуллаһ бин Мәсғуд (радиаллаһу
анһу) Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) құзырында Ниса сүресінің: «(Әй Мұхаммед!
Қиямет күнінде)
Әрбір үмбетке өз ішінен бір куәгер
(пайғамбар)
және бұларға
(үмбетіңнің имансыз
бұзықтарына)
сені куәгер етсек олардың халы
не болмақ?» -
деген 41-ші аятын оқыған кезінде,
Расулұллаһтың көздерінен жас п рлап қоя берген.
94
Аласапыран дауыл соққанда қайғырып, қандай
да бір маңызды жұмысы болса, дереу тастай сала
Құбылаға қарап: «Ей, Жаратқан Ием! Келуі ықтимал
пәлекеттерден қорғанып, сені паналаймын»
95
- дейтін де,
күн ашылған кезде шүкіршілік етіп, мақтауын жауды-
ратын еді.
93. Ахмед бин Ханбәл, V, 225.
94. Бұхари, Фадайлул-Құран, 33; қар. Ихия, ІІ, 243.
95. Тирмизи, Әбу Дәуіт. 98.