58
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бұл хадис Пайғамбарымыздың (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) құлдығы мен ғибадатының Аллаһ-
тан қорыққанынан емес, Аллаһқа деген махаббаты
және құлшылыққа деген құмарлығынан болғанын
көрсетеді. Өйткені Ол үшін оқылған екі рәкағат на-
маздан алған ләззаты дүниедегі бар ләззаттардан
артық еді. Құранның баяндауы бойынша имандылар
үшін Аллаһқа деген махаббат барлық нәрседен жоғары,
мәртебелі болады.
«Мүминдердің Аллаһты сүюі -
барлық нәрседен мәртебелі».
102
4. Аллаһқа деген сенімі
Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) өмірбаяны оқылған кезде өмірінде ең зор
пәлекеттер, көп қырсықтар, өте қиын жәбір-жапалар
бола тұрса да Оның жүзінен үрей, қобалжу және
үмітсіздік секілді құбылыстар байқалмайтыны көріледі.
Хазіреті Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Меккеде жалғыз өзі, қамқорсыз өмір сүрген кезінде
бірталай ауыр азаптар көрген-ді. Ұхұд және Хұнайн
соғыстарында да ең қорқынышты қауіп-қатермен бетпе-
бет келген кезінде де сол баяғы қайратты күш-жігері
мен мықты бекемділігін көрсеткен. Көкесі Әбу Талиб
бұл даудан бас тартуын айтқан кезінде:
«Көке, «жалғыз калдың» - деп ойлама. Хақ жалғыз
қалмайды. Күндердің күнінде Арабтар да, басқалар да
қабылдайды»
103
-
деген.
102. Бақара сүресі, 165-аят.
103. Асры сағадат II, 53.