Previous Page  57 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 57 / 114 Next Page
Page Background

59

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Бір күні асхабтарының біріне:

«Ант етемін, бұл дін-

нің кемелденер күні өте жақын. Сол кезде жүректер-

де Аллаһ қорқынышынан басқа ешқандай қорқыныш

қалмайды», -

дейді.

104

Хижрет (көш) кезінде Құрайштықтар Оны өлтіруге

бел байлаған еді. Үйі қоршауға алынған Расулұллаһ

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) аяғының ұшымен басып

жүріп, Әлиді (радиаллаһу анһу) орнына қалдырып, оған

түнді осы төсекте жатып өткізуін өтінген еді.

Сол түні осы төсекте жатқан кісі өлтірілуі т и і с еді.

Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу) бұл өтінішті аса

ыждахаттылықпен орындап жатқан еді. Ал, Расулұллаһ

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) болса төсегін қалаған

уақытында раушан бағына айналдыруға күші жететін

Аллаһ Тағалаға сеніп, артына қайырылып қарамастан,

үйден жасырын шығып, ұзап бара жатқан еді.

Үйін дұшпандар тарапынан қоршап алған Расулұллаһ

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Раббының әміріне

бас иіп және оған сеніп, өзінің Хақ Пайғамбар екенін

бекіткен Ясин сүресінің алғашқы аяттарын оқып,

үйінен шығып кеткен еді.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Нәжид соғысынан қайтып келе жатқанда асхабы-

мен бірге бір ағаштың көлеңкесінде тынығып жатып

шаршағандықтан ұйықтап кетеді. Пайғамбарымыздың

қылышы ағаштың үстінде ілулі тұр еді, осы кезде сол

жерден өтіп бара жатқан бір бәдәуи осы жағдайды

104. с.к. II, 54 (Бұхаридан)