Previous Page  54 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 54 / 114 Next Page
Page Background

56

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Бір күні тағы да осындай аласапыран дауыл

соғады. Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

қайғырады, Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә) Оның не

үшін қайғырып отырғанын сұрағанда:

-

Һуд тайпасы ұшыраған жағдайға ұшыра-

масымызды қайдан білесің? Һуд тайпасы да бір

бұлтты көріп, «бұл бұлт біздің егісімізді суарады» деп

ойлаған, бірақ, сол бұлт олардың өзін жойып жіберген».

96

Убай бин Кағб (радиаллаһу анһу) айтады: -

Түннің үштен екісі өткен соң Расулұллаһ(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм):

«Әй, иман еткендер! Аллаһты еске алыңдар.

Аллаһты зікір етіңдер. Зілзала жақындап қалды, Оның

соңынан талай қиын істер пайда болады. Өлім - өзінен

кейінгі жағдайларымен және нәтижелерімен, мен-

мұндалап тұр»

97

-

дейтін.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

мұнымен қатар:

«Сендер мен білетінді білсеңдер, аз

күліп, көп жылайтын едіңдер»,

98

-

деген.

3. Аллаһқа деген махаббаты

Пайғамбарлар Аллаһқа бағынуға жұртты екі жолмен

шақырған. Бір тобы Аллаһтың жалалы (ұлылығы)

мен күшін көріп, адамд рды Аллаһтың ашуымен және

азабымен қорқытып, Аллаһқа бағынуға шақырған.

96. Әбу Дуәіт, Әдеп, 113.

97. Тирмизи, Қиямә, 23

98. Бұхари, Күсуф 2; Мүслим. Салат 112; Нәсаи, Сәһү 102;

Тирмизи, Зүһд 9; ибн Мәжә, Зүһд 19.