Previous Page  51 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 51 / 114 Next Page
Page Background

53

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

біреуі: «Мен өмірімнің соңына дейін түн бойы

ұйықтамай, құлшылық етіп өтемін (қайм бола-

мын)», - дейді. Келесі біреуі: «Ал мен өмір бойы күндіз

ораза тұтып, оразасыз күн өткізбеймін (сайм бо-

ламын)», - дейді. Ал соңғысы: «Ал мен жер басып

жүрсем, еш әйел затына жоламай, үйленбей өтемін»,

- дейді. Бұл жағдайдан құлағдар болған Хазіреті

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

мұсылманшылықты асыра сілтеп, мұсылманшылық

үшін өздерінше шешім қабылдаған ол адамдарға

былай ескерту айтқан еді:

«Естеріңде болсын! Аллаһ-

қа ант етемін, іштеріңде Аллаһтан ең көп қорқып, Оны аса

құрметтейтіндерің

менмін. Соның өзінде мен ораза-

ны кейде ұстаймын, кейде ұстамаймын, Түнде намаз

оқимын да, ұйықтаймын да. Әйелдерге де үйленемін.

Менің сүннетімді орындамағандар

менен емес!»

88

1. Зікірді аузынан тастамауы

Аллаһ Тағала Құранда:

«Олар

(мүминдер)

тұрса

да, отырса да және жантайып жатса да

(әрқашан)

Аллаһты зікір етіп естеріне алады

»

.

89

«Қандай керемет адамдар бар - ешқандайсауда-

саттық олардың Аллаһты зікір етулеріне бөгет бола

алмайды

»

, -

дейді.

90

Құранды жеріне жеткізе баяндаған Ол ұлы көсем

осы әмір мен сипаттардың ең керемет және ең жарқын

үлгісі.

88. Бұхари, Никах, 1; Мүслим, Никах, 5; Нәсаи, Никах, 4.

89. Әли-Имран сүресі, 191-аят.

90. Нұр сүресі, 37-аят