Previous Page  49 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 49 / 114 Next Page
Page Background

51

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

А. ҒИБАДАТТАРЫ

Аллаһ Тағаланың тәрбиесін алған және әрқашан

Оның бақылауында болған аса абыройлы Пайғам-

бар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үнемі бір ғибадат

күйінде жүретін. Әрдайым Оның айтқандарына

сәйкес, ризалығына лайық істермен айналысатын.

Соңғы демі шыққанша Аллаһқа деген құлшылық-

ғибадаттардың қалай орындалатынын іс жүзінде

көрсетіп, үйретіп кетті.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ғибадат етуді жаратылысынан жақсы көретін және

нұрлы қабақ пен көңіл қуанышына ғибадаттың

арқасында жететін. Тіпті, Пайғамбар болмастан

бұрын Мекке маңындағы Хира үңгірінде жалғыз қалып,

біраз уақыт ғибадат қылған еді.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәл-

ләм) өмірінде барлық рухани жан-дүниесімен

ғибадаттан үлкен ләззат пен қуаныш алатын. На-

маз оқып отырғанда оның кеудесінен бұрқ-сарқ етіп

қайнап жатқан қазанның дыбысына ұқсас тебіренуге

және толқуға толы үндер естілетін. Түні бойы азанға

дейін намаз оқығандықтан аяқтары ісіп кететін. Түнде

тәһәжжүд намазын оқу Ол үшін уәжіп еді. Өйткені,

Құранда:

«Түнде тұрып өзіңе ғана арналған