Previous Page  44 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 44 / 114 Next Page
Page Background

46

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Пайғамбарымыздың өзі де біреуге зиярат етуге барса,

есіктің оң, не сол қанатына тұрып, «Ассаламу алейкум»

деп, ішке кіру үшін рұқсат сұрайды, рұқсат етілсе кіреді,

естілмесе кері қайтатын еді.

81

Сахабаларының бірімен кездесіп қалған кезде оны-

мен қол айқастырып амандасып, оның қолын қатты

қысатын.

Бір күні жолда мұнафиқтар мен мұсылмандардың

бірге отырғандарын көріп, барлығымен сәлемдескен

еді.

Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ауру адамдардың көңілін сұрауға қатты көңіл бөліп,

ондай адамдарды зиярат ету мұсылмандардың міндеті

екендігін үнемі айтатын.

Науқас адамның көңілін сұрап барғанда, оны өмірге

үміттендіріп, тамыр соғысын қолымен ұстап көріп,

киелі қолын маңдайына басатын еді. Ем қонуы үшін

Аллаһ Тағалаға дұға қылып, ауру адамға «иншаллаһ

айығып кетесің

»

- дейтін.

Егер біреу көңілге тиер сөз айтатын болса, оған

қатты ренжитін. Науқас адамдардың өлім жайындағы

ойларын сейілтіп көңілдерін көтеретін.

82

14. Жалпы игі істері

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

оң қолымен жұмыс істегенді жақсы көретін. Аяқ

81. қар. Тәжриди Сарих аудармасы (ауд. Камил Мирас), Анкара

1972, IV, 284.

82. Тирмизи, Тыбб 35; Ибн Мәжә, Жәнайз, 1