41
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
дәретпен бірнеше намазын оқыған кезі де болған.
Мысалы, Меккені алған кезде бір дәретпен бірнеше
намазын оқыған еді.
Хазіреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) сүннет пен нәпіл намаздарын көбіне үйінде
оқитын, ал парыз болған намаздарды мешітте ұзақ
сүрелермен оқитын еді.
74
10. Мәжілістері
(жиналыстары)
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мәжілістері
сарайдағыдай
қызметшілерге
не
жұмысшыларға толы емес еді. Тіпті үйінің есігі де жоқ
болатын. Бірақ Оның пайғамбарлық айбаттылығы
мен салмақтылығы әркімге ерекше әсер ететін де,
барлығы әдептілік сақтап отыратын. Оны көрген
адамның жүрегі толқып қоя беретін. Сахабалардың
Пайғамбарымыздың құзырында үндемей тыныш
отырғанын көргендер олардың бастарына қонған
құсты үркітіп алмау үшін осылай отырғандарын ойлап
қалатын.
75
Мәжілісінде өзіне арналған белгілі орны болмайтын.
Өзгелерге де мәжілісте белгілі бір жерді тұрақты орын
етіп алуларына тыйым алған еді. Өзі мәжіліске
барғанда, дереу топтың соңына отыра салатын.
Сөйлеген кезінде ешкімді айыптап сынамайтын және
ешкімді де мақтап, төбесін көкке жеткізбейтін. Сауапқа
жеткізбейтін сөз айтпайтын және айтқан сөздерімен
өзгелердің ішін пыстырмайтын.
74. Көксал, Ислам Тарихы, XI, 329-352.
75. Дарими, Муқаддимә, 4.