Previous Page  41 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 114 Next Page
Page Background

43

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

тұрып, маңдайынан сүйетін еді.

76

Сүт анасы мен бауыр-

ларын да орнынан тұрып қарсы алтын.

Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

құзырында әдемі сөз сөйлегендерді жақсы көретін.

Мәжілісінде шырайлы әзілдер айтылып, барша жамағат

көңілденіп қалатын.

11. Шешендігі мен ділмарлығы

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Араб тайпаларының ішіндегі сөзге ең шебері

Құрайышта туылып, Хауазин тайпасына қарасты

Сағдұлдарында өскен еді. «Сөз майын ағызатындарың

- менмін», - дейтін.

77

Жәннаттықтар да Оның осы әдемі

тілі мен диалектісі бойынша сөйлейтін болады.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

құтпасында ашық, әрі жүйелі түрде сөйлейтін. Құтпа

кезінде қолында кейде садақ, кейде асатаяқ болатын.

Осыларға таянып, құтпа оқитын. Мешітте сөйлеген

кезінде асатаяққа, ал соғыс алаңында садаққа таянып

тұратын еді. Жұма мен айт құтбаларын белгіленген

уақытта, ал басқаларын қолайлы кезеңдерде

оқитын. Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

құтбаларды қағазға қарамай, суырып салма түрінде

оқитын. Құтбада көбіне хабарлы сөйлем қолданатын

еді. Сөз қадірін асырғысы келгенде, сұрақ-жауап

түрінде әңгіме қозғайтын. Құтбасының әсерлі

жерлерінде барлық денесі дірілдеп кететін кездері

де болған.

76. Әбу Дәуіт, Әдеп, 155.

77. қар. Кәшфул-Хафа, I, 200; Ибн Сағд, Табақат, I, 71.