Previous Page  38 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 38 / 114 Next Page
Page Background

40

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

ысқылайды екен, сосын дәрет алып, тахажжүд намазын

оқып, біраз уақыт ғибадат істерімен айналысқан. Бұдан

кейін таң намазын оқу үшін мешітке баратын болған.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

таң намазынан кейін жайнамазының үстіне жатып,

күн шыққанша тынығып алып, сосын келгендерді

қабылдай бастайтын. Жан-жақтан келген адамдар

Оның қасына жиналатын. Ал, Ол оларға уағыз бен

насихат айтатын. Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм) зиярат етушілердің көрген түстеріне дейін

тыңдап, осылайша олардың әр түрлі діни және күнделікті

тіршіліктерімен айналысатын еді.

Кейбір риуаяттар бойынша Расулұллаһтың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дұха уақытында төрт

рәкағат немесе сегіз рәкағат намаз оқып, үйіне ба-

рып, үй шаруаларымен айналысып, киімдерін жамап,

аяқ-киімдерін жөндеп, малдарын сауатын.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

екінті намазынан кейін әйелдеріне жеке-жеке кіріп, қал-

жағдайларын сұрайтын, ал түнде әйелдерінің бірінің

қасында өткізетін. Басқа әйелдері түнді бірге өткізетін

әйелінің қасында жиналып, құптан намазына дейін сол

жерде болатын. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) құптан намазын оқып болған соң үйіне оралатын,

ал әйелдері бөлмелеріне тарап тынығатын еді. Құптан

намазынан кейін бөлмесінде Құраннан Исра, Зүмәр,

Хадид, Тағабұн және Жұма сүрелерінің бірін оқитын.

Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әр

намаз үшін бөлек дәрет алуға тырысатын. Кейде бір