Previous Page  34 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 34 / 114 Next Page
Page Background

36

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

нәрсесінің б і р і еді.

65

Арабтарда «Сүкк» деп ата-

латын иіс қолданылатын. Ардақты сахабалар

(радиаллаһу анһум) Пайғамбарымыз (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) өткенде артында хош иіс

қалдыратынын айтатын. Пайғамбарымыздың (сал-

лаллаһу аләйһи уә сәлләм) қолданған миск пен

анбері жұпар иісті әрі хош иісті

еді.

7. Төсегі мен тынығу мәдениеті

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсалләм)

төсегі кейде ішіне құрма жапырақтары толтырылған

теріден болатын. Кейде екі бүктелген жамылғыш пен

мата, алаша, кейдеқарапайымбіртөсекболатын.Құрғақ

топыраққа жатқан кезі де болған. Жастығының

тысы тері, іші құрма талшықтарына толы болатын.

Хазіреті Хафса (радиаллаһу анһә) айтады: «Бір

рет Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) жақсы жатуы үшін матаны төрт бүктеп салып

бердім, бірақ Ол оның жайлылығы үшін жасаған ісіме

(жай бір жұмысқа көп мән бердің дегендей) реніш

білдірді.

66

Ал, басқа бір риуаятта Хазіреті Айша (радиаллаһу

анһә) былай дейді:

«

Бір

күні ансар ханымдарының

біреуі маған келді. Аллаһ Расулінің (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) іші құрма талшықтарына толы

төсегін көріп, біршама уақыттан кейін іші жүнге толы

төсек жіберді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи

65. Нәсай, Ишаратун-Ниса, 1; Ахмет бин Ханбәл, ІІІ, 128

66. Тирмизи, Шәмайл. б. 261