Previous Page  32 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 32 / 114 Next Page
Page Background

34

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

5. Киген киім-кешектері

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

киімкиюмәдениетінде үнемі белгілі бір үлгіні ұстанбаған.

Изар

61

, рида

62

көйлек және шапанның қай түрін болса да

не тапса, кие берген. Қарапайым киінуді жақсы көретін,

жасыл түсті киімдерді ұнататын, бірақ, көбінесе ақ

түсті киім киетін еді. Хабешистан патшасы Нәжаши-

дің жіберген шұлықтарын Пайғамбар (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) қолданған (киген).

63

Кейде қолдан тігілген кестелі шапан да киетін.

Киімдерін тобығынан төмен түсірмейтін. Ал, изар көйлегі

тобығынан едәуір жоғары тұратын. Сәлдесінің

желпіншегі иықтарының арасынан таудан ағып

жатқан өзендей төгіліп тұратын еді. Қызыл қоңырға

(шафран) боялған жамылғысы бар болатын, кейде осыны

ғанажамылыл алып, намаз оқитын.

Кейбір риуаяттар бойынша Пайғамбарымыз (сал-

лаллаһу аләйһи уә сәлләм) кейде үстінде қызыл түсті

жолағы бар «һулле-и һамра» деген Йемен матасы-

нан тігілген киімді, көбінесе ешкі жүнінен тоқылған

киімдерді киетін еді. Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм) қайтыс болғаннан кейін, Хазіреті Айша

(радиаллаһу анһә) Оның соңғы демін алар шағында

киген киімдерін халыққа көрсеткен. Көрсеткен

киімдері мыналар; жамалған жамылғы мен қолдан

тоқылған шапан түріндегі киім еді.

61. Белден төменгі жақта жауып тұратын алжапқыш тәрізді киім.

62. Иыққа іліп, белден жоғары жақты жауып тұратын киім түрі.

63. Ибн Мәжә, Либас, 31.