29
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
нәрсеге таң қалғанда қолын бүгіп қалатын. Кейде бір
нәрсені айтып жатқанда екі алақанын бір-біріне соғатын.
Әзілдеген кезде алдына тіке қарап, кірпігін төмен
түсіретін. Сирек күлетін, көбінесе күлімсірейтін» - деп
жауап берді.
51
Кейбір риуаяттарға (нақыл сөздер) қарағанда
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ешқашан қарқылдап күлмеген.
Пайғамбарымыз ашулы кезінде де, жайбарақат
кезінде де әрқашан хақты (шындықты) айтатын.
Жақсы сөйлейтін және сөзі шашырап жатқандарға
ілтипат көрсетпейтін. Айтпақ ойын және түсіндіретін
кейбір мәселелерді астарлап айтатын. Ол үнсіз қалғанда
ғана сахабалары сөз алатын.
2. Отыру әдебі
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
тізе бүгіп отырудан басқа молдас құрып, «құрфуса»
және «ихтиба» әдісі бойынша отыратын. «Құрфуса»
дегеніміз - құйрықты жерге қойып, тізелерді
көтеріп қарынға түйістіргеннен кейін екі аяқты қолмен
құшақтап отыру түрі. Пайғамбарымыз (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) көбінесе осылай отыруды жөн
көретін. «Ихтиба» - киімді желбегей жамылып,
белдік, бөтес сияқты нәрселермен арқа мен тізені орап,
жиналып отыру түрі. Бұл отыру құрфусаға ұқсайды.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
отырған кезінде шапанымен аяқтарын, тізелерін жауып,
51. Шәмәйлул-Мухаммәдииә, 166