31
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Мен құлмын, сондықтан құл секілді ішіп-жеймін» -
дейтін.
52
Тамақты ыстықтай жемейтін, ондай ыстық
тамақта береке болмайтынын айтып отыратын.
«Ыстық тамақта береке жоқ. Аллаһ Тағала бізге
от жегізбейді. Сондықтан тамақты суытып ішіңдер», -
дейтін.
53
Тамақты үш саусақпен, кейде төртінші саусағын да
пайдаланып, әрқашан өзінің алдынан жейтін. Екі
саусақпен де жеуді ұнататын, Тамақ кезінде, кейде
пышақты да қолданатын.
Бір күні Хазіреті Осман (радиаллаһу анһу) Пай-
ғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «па-
лузе» деген тамақ әкелді. Пайғамбарымыз жеп болған
соң:
«Бұл қандай тамақ және қалай жасалады?» -
деп
сұрайды. Хазіреті Осман (радиаллаһу анһу):
«Ата-анам сенің жолыңда құрбан болсын, ей,
Расулұллаһ! Май мен балды табаға салып, отта ерітеміз.
Сосын бидай ұнын табаға саламыз. Бұдан кейін
қатайғанша араластырамыз. Сосын, міне, көріп отыр-
ғаныңыздай, халуа шығады», - деп жауап береді.
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) :
«Шынымен, әдемі тамақ екен!» -
дейді.
54
52. Ибн Сағд, Табақат, I-том, 371-372
53. Мұхаммед Ғазали, Ихияу улумуд-дин, Кайр, Иса әл-Бәби
әл-Халәби, II, 367; Бәйхақи уә Табәрани.
54. С.к., II, 368, Ибн Мәжә, Атимә, 46.