37
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
уә сәлләм) оны көрген соң: «Бұл не?» - деп сұрады.
Ал, мен: «Уа, Расулұллаһ! Ансардан пәленше деген
әйел келді, ол сенің төсегіңді көрген соң, мынаны беріп
жіберді
»
, - дедім. Сол кезде Аллаһ Расулі (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) былай деді:
«Ей, Айша! Мынаны қайтарып бер. Егер мен қалап
сұрасам, Аллаһ Тағала күміс пен алтын тауларын
менің тілегіме берер еді».
67
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бүкіл Арабияға үстем болып билеп тұрған кезінде үйінде
кішкентай бір ағаш төсек пен су құятын торсығынан
басқа ешнәрсесі жоқ еді.
Ұйықтайтын кезде әрқашан оң жағымен жатып, оң
қолын оң жақ бетінің астына қойып жататын. Сапарда
болған кезінде де осылай істейтін. Етбетінен жатқанды
ұнатпайтын және сахабаларына да осылай жасауға
тыйым салған. «Бұл жатыс түрі - Аллаһ Тағаланың
жақсы көрмейтін түрі», - дейтін.
68
8. Тазалыққа маңыз беруі
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ең көп мән берген жайларының бірі - тазалық. Бір күні
үсті-басы лас, кір бір адамды көріп: «Үсті-басыңды
жумайсың ба?» - деп ұрысқан.
Бір күні бір адам Оның алдына алқам-салқам
киіммен барыпты. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләй-
67. Мәуахиби Ләдуниия ауд. І, 571, Бәйхақидан; М. Асым
Көксал, Ислам Тарихы, XI, 153.
68. Ахмет бин Ханбәл, I-том Пайғамбарымыз (с.а.у.) 388.