Previous Page  37 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 37 / 114 Next Page
Page Background

39

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Жаздың ыстық бір күні жұмысшылар мешітке

жұмыс киімдерімен келген еді. Мешіт кішкентай

болғандықтан ішінде жаман иіс мүңкіп кеткен еді.

Осыған байланысты Пайғамбарымыз (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм):

«Жуынып келсеңіздер жақсы болар еді», -

дейді.

71

Осыдан кейін жұма күндері жуынып тазалану

сүннет болған еді. Сапарда болсын, өз елінде болсын

тарақ, айна, мисуак (тіс тазалағыш ағаш), раушан майы,

әтір, қайшы, сүрме секілді тазалық пен дәретхана

жабдықтарын жанынан тастамайтын еді.

72

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

мешітін айнадай етіп тазалап ұстайтын еді.

9. Күнделікті шаруасы мен іс-әрекеттері

Имам Тирмизи «Шәмайл» деген жазбасында

Хазіреті Әлиден (радиаллаһу анһу) қалған нақыл

бойынша Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) күнделікті уақытын үш мезгілге бөлгендігін

айтады. Бұл уақыттардың бірі құлшылыққа, екіншісі

халықтың ісіне, ал, үшіншісі өз қажетіне бөлінеді

екен.

73

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

түн ортасында немесе түн ортасы ауған шақта

тұрып, жастығының жанына қойған мисуакпен тісін

71. Асры Сағадат

:

II, 11.

72. қар. М. Асым Көксал. Ислам Тарихы, Стамбул 1980, XI,

162

73. Шәмайлу Мұхаммәдия, 265-267 б.