Previous Page  42 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 42 / 114 Next Page
Page Background

44

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

дінге шақырушы, оны уағыздаушы пайғамбар ғана емес,

бағындырушы, әскер басы, сот және мемлекет басшысы

да еді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

дінге шақырғанда оның сөздерінен дінге деген мақтаныш

пен шаттану тебіренісі көзге ұрып тұратын еді.

Оның айтқан сөздері тыңдармандарын мұғжизалық

(пайғамбарларға тән керемет) әсерде қалдыратын

және тас жүректілердің өзін жібітетін еді. Тебіреніп

тұрып айтқан сөздері қобалжыған сезімдерді

басып тастайтын және бір-бірімен әлмисақтан

жауласып келе жатқандардың жүректеріне мейірім

ұялататын. Әус және Хазреж тайпалары арасындағы

жеті аталарынан бері бітпей келе жатқан текетірес

пен бәсекелестіктің шешілуіне Оның мұғжизалық ара-

ша түсуі нүкте қойды. Мұсталық соғысынан қайтарда

мұнафиқтар ансар мен мұхажирлердің араларына жік

салуды көздеген еді. Бірақ Пайғамбарымыз (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) дер кезінде келіп, екі жақтың да

өкпе-ашуларын басқан еді.

78

12. Жорық кезіндегі іс-амалдары

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

жиһад пен ұмра (қажылық уақытынан басқа кезде

Қағба мен Меккенің өзге де қасиетті, киелі жерлеріне зи-

ярат қылып бару) үшін сапарға шығарында өзімен бірге

қай әйелінің жүретінін жеребе тастау арқылы шешетін

еді.

78. Бұхари, Тәфсиру сурә, (63), 3.