Previous Page  33 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 33 / 114 Next Page
Page Background

35

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

киімнің денеге пайдалысын әрі жеңіл түрін жөн

көретін. Киімді мақтан үшін кимеу керектігін айта-

тын. Осы себепті өте сәнді киім кимейтін және ондайды

киюге тиым салатын.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

аяқ киімі сиырдың иленген терісінен жасалған сандал

түрлес болатын. Бауларын байлағанда, аяғын ұстап

тұратын.

6. Жақсы көрген түстері мен иіс сулары

Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ақ,

жасыл түсті ұнататын және ең жақсы түс ақ екендігін

айтатын. Қызыл түсті ұнатпайтын. Бір күні Абдуллаһ

бин Омар (радиаллаһу анһу) қызыл түсті киім киіп,

Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

барған болатын. Пайғамбарымыз (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) үстіндегі киімін ұнатпағандығын

сездірісімен, Абдуллаһ (радиаллаһу анһу) үйіне барып,

сол киімін өртеп жіберген еді. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл істен құлағдар

болысымен, Абдуллаһ бин Омарға (радиаллаһу анһу):

-

Сол киіміңді босқа өртегенсің. Оданда бір әйелге бере

салу керек еді,

64

-

дейді.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу

аләйһи

уә

сәлләм) әдемі иістерді ұнататын. Себебі, әдемі иіс

Пайғамбарымыздың бұл дүниеде жақсы көрген үш

64. Асры Сағадат, II, 10.