Previous Page  24 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 24 / 114 Next Page
Page Background

26

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бойы, дене мүшелері, бітімі бір-бірімен үйлескен өте

жарасымды еді. Ол ұзындау орта бойлы еді. Көпшілік

арасында еңсегей бойлы көрінетін еді. Маңдайы ашық

әрі кең, қастары жаңа туған айдай, бір-біріне жақын,

қабағы ашық болатын. Көздері мөлдір, кірпіктері қара

және ұзын еді. Терлеген кезде нұрлы жүзінен аққан

тері маржан моншақтарындай мөлтілдеп төгілетін және

ерекше бір хош иіс шығатын. Қыр мұрынды, дөңгелек

жүзді, беті сопақтау келген, мойыны ұзындау еді. Тістері

маржандай тізілген. Сөйлегенде алдыңғы тістері жыл-

тырап тұратын.

46

Иықтары кең, қолы мен балтыры жуан, қолы ұзын,

саусақтары салалы еді. Кең кеуделі, қарнымен кеудесі

оқтай тартылған шымыр еді. Аяқтары жалпақтабан

емес, шұңқырлау еді. Сүйегі ірі, денелі, күшті және

бұлшық еті тығыз еді. Жауырынында пайғамбарлық

мөрі бар еді. Бұл мөр көгершін жұмыртқасының

үлкендігіндей, түсі қызыл және жұмырлау болатын.

Денесі жұмсақ, ал тәнінің түсі не аппақ, не қоңырқай

емес, раушан гүліндей қызғылттау, әрі нұрлы, ажарлы еді.

Шашы толқындалған, сақалы қалың, бір тұтам

еді. Шашын өсірген кезде құлағының ұшынан асып

тұратын.

46. Мүслим, Фадайл, 109/2344. Тирмизи, Әбу Иса Мұхаммед

«Шәмайлул-Мухамәдииә». Мұхаммед Акиф Әз-Зәби,

Жиддә 1983, 22-24