65
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Ұтбә ұлы Аун айтады: «Байлармен араласып
тұратын едім, Менікінен жақсы киімі немесе көлігі
барларға қызығатынмын. Сондықтан менен артық
қайғыратын ешкім жоқ еді. Кейін Расулұллаһтан
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Егер өздеріңнен ба-
қуатты, тұрмысы жоғары біреуді көрсеңдер, сол кезде
өздеріңнен төмен тұратын жандарға көз салыңдар.
Бұл Аллаһтың сендерге жүктеген нығметтеріңді
кемсітпеулерің үшін керек»,
- дегенін естіген соң, ке-
дейлермен достық қарым-қатынаста болып, рахатқа
бөлендім».
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дүние нығметтеріне (игіліктеріне) құмар, әуес емес еді.
Ол:
«Адам баласына бұл дүниеде керек нәрселер; тұра-
тын үйі, киер киімі және тамағы мен суы»,
113
-
дейтін
еді.
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пен
асхабы үшін байлық пен кедейшіліктің өлшемі мына
хадис еді:
«Кімде-кім малы мен жанын қауіпсіз деп біліп, дені
сау әрі бір күндік тамағы болса, бүкіл әлем соның қолында
тұрғандай болады».
114
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сахабалары мен адамзатқа үйреткен зүһд пен қанағат
осы.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
113. Тирмизи, Зүһд 30.
114. Тирмизи, Зүһд 34.