20
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
мадақтайды. Ей, иман келтіргендер! Сендер де оны
мадақтаңдар! Оған салауат айтып, сәлем жіберіп
тұрыңдар!».
39
Бұл деген - Аллаһ Тағаланың Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) салауат пен сәлем ай-
туы, Оны періштелерінің жанында мақтауы, ал пе-
ріштелердің, Оған салауат пен сәлем айтуы, Ол үшін дұға
етулері. Осы аят түскенде Расулұллаһ (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) сахабаларына өзіне сәлем берулерін
сұрайды. Сондықтан ардақты сахабалары мен одан кейін
келгендер Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) қасиетті қабірін зиярат еткенде де, мүбарак
есімі аталғанда да салауат пен сәлем айтуға міндетті.
Бұл міндет белгілі бір уақыт үшін емес. Осы себепті
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Егер, кімде-кім күніне маған жүз рет салауат
пен сәлем айтса, Аллаһ ол адамның ақыретте жетпіс
қажетін, жарық дүниеде отыз қажетін, сөйтіп жүз
қажетін өтейді». «Аллаһ Тағаланың жер шарын ара-
лап жүретін періштелері бар. Олар үмбетімнен болған
адамдардың салауат пен сәлемдерін маған жеткізеді»
40
,
-
деп айтқанымен қатар, аты аталған жағдайда өзіне
салауат пен сәлем айтпаған адамды сараң ретінде
сипаттаған.
41
39. Ахзаб сүресі, 56-аят.
40. Ахмед бин Ханбәл, І, 387
41. Тирмизи, Дағуат, 100, Ахмед бин Ханбәл, 1, 201.