Previous Page  15 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 15 / 114 Next Page
Page Background

17

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

жеткізу үшін Оның махаббатымен сусындау керек.

Өйткені, Оған деген махаббат-ғашықтық жолының

бастамасы, әрі соңы. Бүкіл махаббат оған қайта ора-

лады. Ақын жүрегі айтқандай бұны былай түсіндіруге

болады:

Махаббаттан болды, Мұхаммед пайда,

Мұхаммедсіз махаббаттан не пайда?!

Бұл әлемдегі әсемдіктер - жаратылыстың оған

күлімсіреуі, қайғылар - Оған естіртейін деген күрсіну-

лер. Жамандықтар Оны іздеп жүргендердің парқына

жетпей, бір-бірімен қақтығысуларынан тұрады. Ескен

желде, жаңбырда, селде, құрғақшылықта Ол үшін алған

демді, төгілген көз жасын және жарылған ерінді көреміз.

Оны қарсы алу үшін түрлі түске боялған бұтақтар,

көгалдар оны құшақтай алмағандығынан қайғыға ба-

тып, бойларын бүгеді де солып кетеді.

Оны сүюдің белгілері

Бір нәрсені немесе біреуді сүйген адам онымен

бірге болғысы, оған ұқсағысы келеді. Махаббаттағы

шынайылықтың өлшемі осы. Осы себепті, Аллаһтың

Расулін (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүйетіндігін

айтатын адамдарда мына белгілердің табылуы керек.

1. Оған еру, Оның сүннетін орындау, сөз бен іс-

әрекеттеріне тәуелді болу, Оның әдептерінен тәрбие

алу және мінезінен үлгі алу керек. Расында Аллаһ Тағала

былай дейді:

«

(Ей, пайғамбарым!)

айт: егер сендер Аллаһты

сүйетін болсаңдар, тез маған еріңдер. Сонда Аллаһ