Previous Page  11 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 114 Next Page
Page Background

13

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

істеген болсаңдар, Аллаһтанкешіруін өтінемін».

27

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

басқа пайғамбарлардан бөлек өзіне берілген ерек-

шеліктерді былай түсіндірген:

13.

«Маған менен бұрынғы ешбір пайғамбарға бе-

рілмеген бес нәрсе аманат етілді. Олар:

а. Бір айлық алыстағы (бір айда жететін) дұшпаным-

ның жүрегін үрейлендіріп, жеңіске қолжеткізу.

ә. Мен үшін жер үсті мешіт болды, топырақ та

таямүм (су болмаған жағдайда топырақпен дәрет алу)

үшін тазартылды. Сондықтан да кез-келген үмбетім

намаз уақытыжетсе, сол жерде дереу намазын оқи берсін.

б. Менен бұрын ешбір үмбетке және ешбір

пайғамбарға (халал) адал етілмеген соғыстан түскен

олжа маған және үмбетіме адал етілді.

в. Менен бұрынғылар тек бір қауым мен тайпаға ғана

пайғамбар болғанда, мен бүкіл адамзатқа пайғамбар бо-

лып жіберілдім.

г.Маған шапағат (Қиямет күні Аллаһ Тағаланың ал-

дында, үмбетінің күнәһарларының жарылқануына дәне-

кер болу) ету құқығы берілді».

Осы соңғысының мағынасын күшейтіп беретін

басқа бір хадисте былай делінген:

14.

«Әр пайғамбардың сөзсіз қабыл болатынайрық-

ша бір дұғасы бар. Мен бұл дұғамды, Иншаллаһ, махшар

күні үмбетім үшін шапағат ететін кезге сақтаймын».

28

27. Ибн Сағд, Табақат, IІ, 194

28. Дарими, Рақайқ, 85; Мүслим, Фадайл, 2