Previous Page  70 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 70 / 114 Next Page
Page Background

72

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Айша (радиаллаһу анһә):

«Оның мінез құлқы Құран еді»

,

-

дейді.

120

Ал, Хазіреті Хадиша (радиаллаһу анһә) алғашқы

уахи кезінде толғанған Пайғамбарымыздың (сал-

лаллаһу аләйһи уә сәлләм) жоғары мінез-құлық

қасиеттерін атап былай жұбатуға тырысқан еді:

«Аллаһ Тағала сені мүлдем қинамайды. Өйткені сен

жақындарыңа құрмет керсетіп, қарыздардың қарызын

беріп жүрсің және кедей-кепшіктерге көмегіңді аямай

бересің, әрі қонағыңдыжақсыкүтесің, шындыққа тіреу

болып, мұқтаж жандарға көмекші болып жүрсің».

121

Мына аят-кәрима Оның мейірімділігі мен рақым-

дылығын көрсетеді:

«

Егер сен дөрекі және тас жүрек болғаныңда, олар

(мүміндер)

сенің маңайыңнан тарқап кетер еді

»

.

122

Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә) анамыз Ол жайлы

тағы да мыналарды айтады:

«Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) ешкімге ұрыспайтын, жамандық жасағанға

қарымта қайтаруға тырыспайтын, яғни «таспен ұрғанды

аспен ұратын ед і » . Өзіне жасалған жамандықтарға

көз жұма кешіріммен қарайтын. Бір адам туралы

қабылданатын екі шешімнің біреуін таңдау қажет бол-

са, күнәға батпайтын жағын ойлап, дұрыс шешімді

қабылдайтын. Иләһи әмірлерге қарсы шыққандарға

120. Мүслим, Мусафирин 139; Әбу Дәуіт, Тафауу 26.

121. Бұхари, Бәдул-Уахи, 1.

122. Әли-Имран сүресі, 59-аят.