74
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
1. Айтыс-тартыс пен ерегісуден.
2. Керексіз артық сөз сөйлеуден.
3.Өзін қызықтырмайтын істермен шұғылданудан.
Ал басқалары жайлы да үш нәрседен сақтанатын:
1. Біреуді сынаудан.
2. Біреуді қорлап, кемсітуден.
3. Біреудің сырларын білуге тырысудан.
124
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
барлық істері мен қызметтерін күні бұрын белгілеп
қоятын; Ғибадат уақыттарын бөліп, ұйқы мен тынығу,
қонақ пен зияратшыларын қабылдау мезгілдерін де
алдын ала жоспарлайтын.
Пайғамбарымыз барлық адамдармен тең дәре-
жеде қатынас жасайтын, ешкімді бөліп-жарып
бөлектемейтін.
Егер біреу Ол қаламайтын бір нәрсе істеп қойған
болса, оған атын атап ескерту жасамайтын.
«Кейбірле-
рі былай жасайды, олай етеді»
деген сияқты сөздер-
мен ұнатпаған іс-әрекеттерін сынайтын, осылайша
ешкімді ренжітпей, біреуді өзгенің алдында ұялтпай,
насихаттар айтатын.
Сахабалары көрінбей қалса, оларды сұрастыратын
еді. Неліктен келмегендерін, не үшін көрінбегендерін ел-
жұрттан сұрап білетін. Сахабаларын жалықтырмауға
да аса назар аударатын. Іс-әрекетінде орта жолды
қалайтын. Хақ пен құқық бойынша барлық адам Ол
үшін тең еді. Оның алдында абзал болудың жалғыз шар-
124. Шәмәйлүл-Мухаммәдия, 227-278.