79
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
3. Хақ пен Әділет Жолындағы табандылығы
(қайсарлығы)
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
туылғаннан ерекше ұлы адам болып жаратылған. Бала
кезінен аталары табынған пұттарға табынбаған және
пұттарды жек көрген. Жас кезінде жақсы қасиеттері мен
мұндалап тұрғандығысоншалық, Құрайыштайпасының ең
бай әйелі оған өзінің махаббатын ұсынған еді.
Оның керемет қасиеттерінің ең қымбаты мен өмір
ағысында ұстанған негізгі қағида Хақ болған жолда
жүруі және табандылығы еді. Өзін қорғап қалғаны үшін
Құрайыш тарапынан өлтірілуімен қорқытылған неме-
ре ағасы Әбу Талибтің «алған бетіңнен қайт» деп
табандылықпен жасаған ұсынысына Аллаһтың Елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) берген жауабы көзінен
жас төге тұрып «Жоқ» деп айтып мүлде қабылдамайтын
еді. Айналасы құйын-дауылға толы Аллаһ Расулі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хақ махаббатының
және иман қайсарлығының үлгісі ретінде барлық
қиын жағдайларға сабырмен қараған.
Бір жолы Қағбаның жанында Утбә бин Рабия Оны-
мен өз қауымы атынан былай деп тұр еді:
«Ей, бауырымның ұлы! Сен арамызда тайпаңның
молдығымен әрі тегіңнің ұлылығымен таңдаулы
тұлғасың. Қауымыңды тығырыққа тіреме! Олардың
араларын алшақтаттың. Пұттарымызға қарсы соғыс
жарияладың. Аталарымыздың діндеріне қарсы шықтың.
Енді мені тыңда! Саған біраз нәрселер айтамын,
мүмкін кейбіреулерін қабылдарсың?»