

83
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
- Иә, алатын едім.
-
Міне, бұл сенің дінің бойынша харам еді,-
деді.
Ия, расында да солай еді. Бұл сөзінен оның хақ
пайғамбар екенін білдім. Ол ешкім білмейтін жай-
ларды білетін еді. Сосын Расулұллаһ (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) сөзін одан әрі былай сабақтады:
«Ей, Адий! Бәлкім, бұл дінге кіруіңе кедергі болған се-
беп
–
бұл дінге кірген адамдардың (мұсылмандардың)
жағдайының нашарлығы шығар. Ант етемін, олардың
дүние-мүліктері жақын арада көбейіп, ырыстарының
мол болатыны соншалық, келешекте (қайырға не
қарызға) сұрайтын бір адам да болмайды. Мүмкін,
олардың дұшпандарының көптігі саған кедергі болатын
шығар. Ант етемін, жақында бір әйелдің сонау Кади-
сиядан мына Қағбаны зиярат ету үшін қорықпастан
түйемен жолға шыққанын естисің. Мүмкін, олардың мем-
лекет басшылығын игеруі саған тыйым салатын шығар.
Аллаһ атымен ант етемін, жақын арада Бабилдің ақ
үйлерінің (сарайларының) мұсылмандар тарапы-
нан алынғандығын естисің», - деді.
Осы сөздерді естігеннен кейін мұсылман болдым».
Адий Кадисия шайқасынан кейін Бабил сарайлары
мұсылмандар тарапынан алынған оқиғаларды өз көзімен
көріп ұзақ жасқа жеткен.
134
Мыңдаған жанкешті жолдастарымен жеңіске
жеткен әскер басшысының көкірек кермеуі мүмкін
бе? Бірақ Хазіреті Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи
134. Ибн Хишам, Сира, ІV, 227