Previous Page  87 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 87 / 114 Next Page
Page Background

89

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

ақша ұсынса Сафуан (радиаллаһу анһу);

«Иә, Расулаллаһ, менің жүрегім енді басқаша

соғуда» - деп иман еткен еді.

144

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

тікелей өзіне жасалған қылмыс үшін ешқашан кек алмай-

тын. Көпшіліктің ішіндегі ең аз ашуланатыны, ең көп риза

болатыныжәне ең нәзікжүректісі еді.

Мәжіліске келген адамдардың дөрекі әрі ашуға

тиер сөздеріне ашуланбай, қайта кешіріммен қарайтын

еді. Өзімен бірге отырған немесе алдына келіп мұңын

шаққандардың сөзін тегіс тыңдап, соңына дейін сабырлы

отыратын. Егер біреу бір нәрсе қаласа, қалауын беретін.

Ал бере алмаған жағдайда, уәде ететін еді. Асхабымен

әкелік мейіріммен мәміле жасайтын еді.

7. Балаларға деген мейірімі

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

балаларға деген мейірімі асқар таудай еді. Пайғам-

барымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) балаларға

аса мейірімді еді. Жолда кездескен балаларды түйесіне

мінгізіп, оларды мәз-мейрам ететін. Балаларды жақсы

көретіні сондай кездескен сайын сәлем беретін.

145

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ата-ана мен балаларға қатыстыәңгімелерге ет-бауыры

елжіреп, оларды тыңдағысы келетін. Бір күні кедей бір

әйел екі қызымен Хазіреті Айшаға (радиаллаһу анһә)

келеді. Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә) оларға

144. Әбу Дәуіт, Буюғ, 90

145. Әбу Дәуіт, Әдеп, 147