Previous Page  90 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 90 / 114 Next Page
Page Background

92

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

өтініш берген әйелдер өте ашық әрі анық түсініктемелер

бере отырып сұрақ қоятын еді. Ал Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) асхабы олардың

батылдықтарына таң қалушы еді.

Әйел табиғатындағы әдептілік пен жүрегіндегі

нә з і кт і г і не байланысты, Пайғамбарымыз (сал-

лаллаһу аләйһи уә сәлләм) олардың сезімдерін өшіріп

алмауға ерекше көңіл бөліп, әйелдерге өте жұмсақ әрі

нәзік қарайтын.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ұлы бетбұрыс орнатып, әйелдік асыл қасиет пен салмақты-

лықты оларға үнемі үйретіп отырған. Әйелдерге құрмет

көрсетіп, оларға жете көңіл бөліп, қоғамда орын беріп, ер-

кектермен бір деңгейде ұстаған. Бұл Ол әкелген жүйе еді.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бүкіл әлемге рахмет ретінде жіберілгендіктен, әр-

кіммен мейірімді мәміле жасауды бұйырған.

9. Сәхауәт және Жомарттығы

Иг ілі к пен жомарттық Пайғамбарымыздың тума

қасиеті еді. Әсіресе, Рамазан айларында Оның игілігі

мен жомарттығында шек болмайтын.

Бір күні Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) жайлауда ешкілерін санап жүргенде бір кісі

келіп, бірнеше ешкі сұрайды. Расулұллаһ (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) оған ешкілерін отарымен бере салады.

Сол кісі отар ешкіні қауымына апарып:

«

Барлықтарыңмұсылман болыңдар.Мұхаммедтың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жомарттығы соншалық