Previous Page  92 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 92 / 114 Next Page
Page Background

94

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Хазіреті Білал (радиаллаһу анһу) бұл астықтарды

базарға апарып сатып, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) бір яһудиге қарызы бар болатын,

соны төлейді. Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) ақшаның жайын сұрағанда, Хазіреті Біләл

(радиаллаһу анһу) біраз ақшаның артылғанын айтады.

Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Оларды да садақа ретінде тарат

:

әйтпесе үйіме ба-

ра алмаймын», -

депті.

Хазіреті Біләл (радиаллаһу анһу) ақша беретін ешкімді

таба алмайды да, Аллаһ Расулі (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) үйіне бара алмай, мешітте жатады. Ақыры,

келесі күні таңертең қалған ақшаны Хазіреті Біләл

(радиаллаһу анһу) таратып бітіп, Пайғамбарымызға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Аллаһ Тағала сені құтқарды», - дейді.

Ал, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

шүкіршілік етіп, үйіне барған еді.

154

Бір рет Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) әдетінен тыс екінті намазынан кейін үйіне

барып, қайта мешітке келеді. Себебін сұраған асхабы-

на:

«Намазда отырғанымда үйде біршама

алтынның

бар екені есіме түсіп кетті. «Олар кешке дейін үйде тұрып

қалуы мүмкін деп ойладым. Осы себепті үйге барып,

садақа ретіндетаратуларын айтып кеттім

», - дейді.

155

154. Әбу Дәуіт. Ишара, 35

155. Бұхари, Азан, 158