Previous Page  96 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 96 / 114 Next Page
Page Background

98

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

11. Әділеттілігі мен Ынсаптылығы

Дүниеден бас тартқан бір адам үшін әділеттілік

және ынсаптылық өте жеңіл іс болып саналады.

Алайда халықтың мұң-мұқтажын жоқтап жүретін

Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) секілді,

бір-бірлерін ата жауларындай көретін қауымдар ара-

сында өмір сүретін және сондай қауымдарды та-

туластыру жолдарын қарастырып жүретін бір адам

үшін адалдық пеншындық тізгінін ұстап жүру - өте ауыр

бір іс. Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бүкіл

қиындықтарға қарамастан адалдық пен шындықтан

ешқашан айырылмастан, адамдардыхаққашақыруын

тоқтатпаған.

Бірде Махзуми тайпасынан бір әйел ұрлық жасай-

ды. Ал Құрайыштар үлкен жанұядан шыққан сол

әйелдің жазаға тартылмауын қалап, осы іс бойынша

Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

асыранды баласы Зәйдтің (радиаллаһу анһу) ұлы

Хазіреті Ұсаманы араға салады. Сонда Расулұллаһтың

түсі бұзылып былай дейді:

«Осы секілді өз жақтарына ара түсіп, бай- шонжар-

ларды жазаға тартпай, кедейлерді ең ауыр жазаға

тартқандары үшін Исрайлұлдары (Еврейлер) құрыды

(лағынетті қауым болды). Қызым Фатима да ұрлық

жасаса, оның да қолын кесіп тастар едім».

160

Хайбар яһудилерінің жерлері басып алынғаннан

к ей і н , сол жерлер Ислам әскерлеріне үлестіріліп

160. Бұхари, Хадид, 11.