Previous Page  100 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 100 / 114 Next Page
Page Background

102

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

етеді. Таң атқаннан кейін Әбу Суфян келеді де, Хазіреті

Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алдын-

да Исламды қабылдайды. Сонымен Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оны кешірді.

Сонда Хазіреті Аббас (радиаллаһу анһу) былай деді:

«Я, Расулұллаһ! Әбу Суфян мақтанғанды жаны

сүйетін адам. Оған бір мүмкіндік беріп көріңіз!».

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

тұрып:

«Ия, кім Әбу Суфянның үйіне кірсе, соған тиіспейміз.

Есігін тарс жауып алып, үйінде отырғандарға да және

Харам Мешітін паналағандарға да тиіспейміз», -

деп

бұйырады.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

әскеріМеккеге қарайжылжыпкележатқанда,ӘбуСуфян

тездетіп Меккеге келген еді. Өз-өзіне «Бұларға қарсы

тұруға ешкімнің күш-қуаты жете қоймас», - дейді.

Қауымына жақындап бар даусымен былай

деп айқайлады: «Ей, Құрайыш! Мына келе жатқан -

Мұхаммед. Оған қарсы тұратын күш жоқ сендерде. Кім

Әбу Суфянның үйіне кірсе, соларға тиіспейді.» Халық

шуылдасып: «Аллаһтың қаһарына ұшырағыр! Сенің

үйіңе қаншамыз сия қоямыз», - деп жамырады.

Ұхұд соғысында Хазіреті Хамзаға (радиаллаһу

анһу) азап көрсеткен әйелі орнынан атып тұрып, Әбу

Суфянның сақалына жабыса кетіп:

«Мына қауымның сатқын жансызын өлтіріңдер!»-

деп айқайға басты.

Әбу Суфян: «Мәселе сіздердің өмірлеріңіз жай-