103
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ында болып тұр. Бұл сіздерді алдамасын. Ол біз қарсы
келе алмайтын қалың колмен келе жатыр. Кім мешітке
кірсе, жанын сақтап қалады. Үйіне кіріп кетіп, есігін жа-
уып алғандар да жанын арашалап қалады», - деп жауап
берді.
165
Бұдан асқан қандай «кешірім» үлгісі бар екен!
Әбу Суфян мұсылмандарға шексіз жамандық
жасаған, Ұхұдта Расулұллаһтың (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) жанын қинаған және Хәндак соғысында
қоршауымен мұсылмандардың тынышын кетірген біреу
еді.
Хашим ұлдарына қарсы Махзум және Сәхм тай-
паларымен бірігіп келісім жасаған тағы да Абдүлманаф
әулетінен осы Әбу Суфян емес пе еді?
Міне, оның жалғыз үміті аман-сау қалуы болып
тұрғанда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) оны кешіріп қана қоймай, оған ерекше орын
берген.
Хазіреті Хамзаның баскесері Уахши былай дейді:
«Тайф пен Меккенің алынуынан кейін Расулұллаһқа
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бару үшін жолға
шықтым. Алдына кіріп, кәлима-и шәһадат (Тілімді
кәлимаға келтірген соң) йтқанымда, маған қарап:
«Сен Уахшисің бе?» -
деп сұрады. «Ия, уа, Расулұллаһ!»
- дедім.
«Отыр да Хамзаны қалай өлтіргеніңді айт!» -
деді.
Отырып айттым.
165. Ибн Хишам, Сира, IV ,47