Previous Page  107 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 114 Next Page
Page Background

109

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Сыйлық алысып-берісу сыйластыққа дәнекер бо-

лады деп, былай дейтін:

«Сыйлық алып-берісіңдер. Бұл

-

бір-біріңе деген

сүйіспеншілікті арттырады

».

178

Сыйлықты тек бір жақ қана беріп қоя салатын болса,

әрине, мұның ешқандай мәні жоқ. Себебі, адам бала-

сы бойындағы сүйіспеншіліктің өлшемі - беру. Адам

берген сайын сүйеді, сүйген сайын береді. Сыйлық

алып-берісу сүйіспеншіліктің ең керемет құралы.

16. Қонақжайлылығы

Сан алуан жерлерден Пайғамбарымызға (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) зияратшылар мен қонақтар көптеп

келуші еді. Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

оларды тек өзі ғана күтіп, қызмет қылатын. Өзін көруге

келген адамды міндетті түрде күтіп жіберетін.

Ол алдына келгеннің мұсылман болсын болмасын

бәріне тең дәрежеде қарап, бәрін де бірдей күтетін еді.

Бір күні мүшріктердің бірі Оның үйіне келіп, қонағы

болады. Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол

қонағына тойғанынша ешкі сүтін береді.

Кейде қонақтары көп келіп, үйде ешқандай дәм

қалмай, үйіндегілер аш жататын еді. Тағы да бір күні

Ғыфарилердің бірі Пайғамбарымызға (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) қонақ болады. Үйде аз ғана сүттен

басқа ешнәрсе жоқ еді. Сол сүтті де қонағына беріп,

өздері аш қалған екен.

Сахабалары арасында ең кедейлері суффа сахабала-

178. Муатта, Хуснул-Халқ, 16.