Previous Page  109 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 109 / 114 Next Page
Page Background

111

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

өмірге қатысты заң жобаларын ретке келтірген болатын.

Меккеде дінге шақыру енді басталған кез еді.

Сондықтан жаңа шариғат адамдарды Аллаһты тануға

және Оның азабын еске алуға шақырған еді.

Мәдина үкіметі тек Аллаһ ризалығы үшін алдымен екі

ретХабешистанға, кейінМәдинағакөшкен мұхажирлер

мен Меккеде Ақаба төңірегінде Онымен қол ұстасып

екі рет байғат еткен ансардың қолында құрылған еді.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Мәдинада орнатқан «Мұхаммеди мемлекет» ішінде

тәрбиелеген «Үлгі үмбет

»

тұқымы міне осылар еді.

Бертін келе Исламның сол ғажайып мемлекеті осы

тұқымның жетілген негізі ретінде құрылған болатын.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Хира үңгірінде періште дыбысынан оянғаннан ба-

стап, Ислам дінін ең тамаша күйде әлемге баяндауы

мен жүзеге асыруына дейін, Меккеде болсын, мейлі

Мәдинада болсын әрқашан көздеген мақсаты ашық,

қабілетті, ақылды және үлкен саясаткер бола білген ұлы

тұлға еді.

Меккеде сол жердің әдет-ғұрпын пайдалануды

лайық көріп, немере ағасы Әбу Талибтің қамқорлығы

астында өмір сүрді. Таифтен қайтарда тағы да мүшрік

АдиұлыМутғимнің қамқорлығын аңсап, қайтадан Мек-

кеге келіп, соның қамқорлығында болады.

Және Ол Меккеде пұттарды жою мақсатында

тағы да солардың жүйелерін пайдаланған, әрі Мекке-

де де сол мақсатпен (Ислам мемлекетін құру) өзі мен са-

хабаларынқорғауүшінсолжердіңхалқынтәртіпке салып,