107
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
пайғамбарлығынан бұрын Абдуллаһ бин Әбу Әмсамен
(радиаллаһу анһу) сауда-саттық жасаған еді. Бір күні
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) есепте-
су үшін сол адаммен бір жерде кездесуге келіседі. Ал,
Абдуллаһ (радиаллаһу анһу) бұл сөзді ұмытып кетеді.
Тек үш күннен кейін ғана берген сөзі есіне түсіп кел-
генде, Расулұллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өзін әлі күтіп тұрғанын көреді. Аллаһ Расулі (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) Абдуллаһты (радиаллаһу анһу)
көріп:
«Абдуллаһ, үш күннен бері сені күтіп отырмын»,-
деп
қана қоя салған.
173
Бәдір соғысы кезінде Расулұллаһқа (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) қосылу үшін келген Хұзайфа мен
оның бір жолдасы мүшріктермен соғыспайтындығы-
на сөз берген еді. Олар Расулұллаһқа (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) кіріп, оқиғаны айтып, дін үшін
соғысатындар қатарына қосылғылары келетін-
діктерін де айтып өтеді. Аллаһ Расулі (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) оларға:
«Жоқ, біз берген сөзімізге берік болуымыз керек.
Біз тек Аллаһтан ғана көмек сұраймыз. Оның көмегі біз
үшін жеткілікті», - дейді.
174
15. Сыйлық алуы мен беруі
Сахабалары Хазіреті Пайғамбарға әр түрлі сый-
лықтар жіберетін. Пайғамбарымыз (саллаллаһу
173. Әбу Дәуіт, 88.
174. Мүслим, Жиһад, 35.