Previous Page  104 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 104 / 114 Next Page
Page Background

106

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Әбу Рафи Құрайыш тарапынанМединаға жіберілген

құл болатын. Мәдинада Расулұллаһты (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) көргеннен кейін, Оған жан-тәнімен

беріле мұсылман болып, Мәдинада қалдыруын

өтінеді. Расулұллаһ (саллаллаһу әлейһи уәсәлләм)

оған:

«Елшілерді алып қалу дұрыс емес. Меккеге орал. Ол

жерге барған соң қайтып келемін десең, келуіңе бола-

ды», -

деп, ұсынысын қабылдамаған еді.

171

Ал, ол Меккеге оралды. Бірақ кейін келіп, мұсылман-

дар қатарына қосылған еді.

Хұдайбия келісім-шартының үкімдерінен бірі «Мекке-

денМәдинаға баратын әрМеккелік азаматты Құрайыш-

қа кері қайтару» еді. Дәл осы шарт қабылданған

сәт-те Меккеде мүшріктер тарапынан «мұсылман

болыпты» деп кісенделген Әбу Жәндал (радиаллаһу

анһу) бір жолын тауып, қашып мұсылмандарға келіп

қосылған еді. Бүкіл мұсылмандар осы көріністен

үрейленіп, Әбу Жәндалды (радиаллаһу анһу) кері

қайтарып бергілері келмеген еді. Алайда, Аллаһ

Расулі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол кездің

өзінде Әбу Жәндалға (радиаллаһу анһу) келісім-

шартты бұзбау керектігі жазылған үлгіні көрсетіп:

«Сабыр ет! Біз берген сөзімізден айнымаймыз.

Аллаһ Тағала саған шығар жолды көрсетеді», -

дейді.

172

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

171. Асры Сағадат, ІІ, 104.

172. Бұхари, Сулх, 7.