Previous Page  97 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 97 / 114 Next Page
Page Background

99

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

берілген еді. Бірақ сол жерге егін егу құқығы

жергілікті тұрғындардың өздеріне қалдырылған

еді. Астық жинау науқанында Абдуллаһ бин

Сүхәйм (радиаллаһу анһу) салық жинау үшін жиені

Мұхайсамен б і р г е Хайбарға барады. Яһудилер

жасырын түрде Абдуллаһты (радиаллаһу анһу)

өлтіріп, денесін біршұңқырға тастап жібереді. Мұхайса

(радиаллаһу анһу) кері оралып, Пайғамбарымызға

яһудилердің көкесін өлтіргендіктерін айтады.

Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Яһудилердің көкеңді өлтіргендігіне ант етесің бе?»

-

деп сұрады.

Мұхайса: «Жоқ, өйткені көзіммен көргенімжоқ»,

- деді. Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Олай болса, яһудилер ант етсін!» -

дейді, Мұхайса

(радиаллаһу анһу): «Бірақ олар өтірік ант етеді», - деп

жауап қатты.

Осы жерде яһудилерден басқа ешкім тұр-

майтындығына байланысты, Абдуллаһты (радиаллаһу

анһу) солардан басқа біреулердің өлтіруі ақылға сый-

майтындығына қарамастан, Расулұллаһ (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) яһудилерді жазаға тартпай,

Мұхайсаға (радиаллаһу анһу) айыппұлды

161

мемле-

кет қазынасынан төледі.

162

Себебі Абдуллаһ бин Сүхәйм

(радиаллаһу анһу) мемлекет ісін атқарып жүрген

кезінде өлтірілген еді.

161. Ислам шариғаты бойынша бір адамның жаны 100 түйеге

бағаланады.

162. Асры Сағадат, II ,73.