97
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қараған және де құл мен күңдерге, балаларға және
қарттар мен тіршілік иелеріне мейіріммен қарауды әмір
еткен. Оның мейірімі дұшпандарын да қамтыған ед і .
Ұхұд соғысында өзі жаралы, көкесі бөлшек-бөлшек бо-
лып, көмекшілері өліп, тас-талқан болып жатқанның
өзінде жауларын қарғаудың орнына, олар үшін дұға
оқытқан күш, міне, осы мейірімділік еді. Оны азаптап
қуып шыққан Сакифтіктер үшін Тайф күні дұға оқытқан
тағы да сол мейірімділік еді. Ашыққандықтарынан
шағымданып, туыстық ақыларына құрмет көрсетуін
талап еткендер мен кеше ғана Оны Меккеден шығарып
ж і б е р і п , Мәдинаны қоршауға алған Құрайыштарға
Шам мен Йеменге сауда жолдарын аштырған тағы да,
міне сол - мейірімділік.
Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә) айтады: Хазіреті
Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір
бәдәуи келіп былай дейді:
«Сен балаларды сүйесің бе? Біз сүймейміз!».
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай
жауап қатады:
«Аллаһ журегіңнен мейірімділік сезімін алған болса,
мен саған не істей аламын?»
159
Оның жүрегі мейірімге толып таситын еді. Оның
мейірімі тілінде - қуанышты хабар, көздерінде - жас,
қолында - жақсылық болып көрініс тапқан. Осылайша
мейірімділік пен жақсылықтың және игіліктің көсемі
еді.
159. Бұхари, Әдеп, 18; Мүслим, Фадайл, 64