Previous Page  86 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 86 / 114 Next Page
Page Background

88

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

түнеген еді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм) сол керуеннің қасынан өтіп бара жатып бір

қызыл түйені көріп қалып, бағасын сұрайды да, еш сау-

даласпай түйені қарызға сатып алып кетеді.

Біраз уақыттан кейін керуендегі кісілер алаңдай бас-

тайды және түйені ақшасын алмай беріп жібергендеріне

өкініп, бармақ тістеп қалады. Керуендегі бір әйел:

«Қапа болмаңдар, бұл маңайда сол секілді нұрлы

жүзді ешкімді көрмедік. Мұндай адам өтірік айтып, бізді

алдап кетпейді», - деп, керуендегілердің абыржуларын

басады.

Кешкісін Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

керуендегілерге түйенің ақшасымен бірге ішер сулары

мен тамақтарын да беріп жіберген еді.

143

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Хұнайн соғысы кезінде Ислам әскерлеріне қарызға

сауыт алу үшін әлі мұсылман болмаған Сафванға

келіп өтініш жасайды. Сафуан:

«Меніңмүліктерімді өз қолымнан алып, мені тонағың

келе ме?» - дегенде, Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм):

«Жоқ, бұларды бізге қарызға беруіңізді сұраймын.

Жоғалғандарынтез арада өтейміз», -

деп жауап берген еді.

Сафуан мұсылмандарға отыз-қырықтай сауытты

қарызға берді. Соғыстан қайтқанда сауыттар саналды.

Бірнешесінің жоғалғаны белгілі болған соң, Расулұллаһ

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол жоғалғандар үшін

143. Дарақутни, Буюғ, II-том, 45. 186-хадис.