Previous Page  82 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 82 / 114 Next Page
Page Background

84

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

уә сәлләм) әсіресе, осындай кездерде барынша

ақкөңілділік пен парасаттылық танытып, Аллаһтың

ұлылығы алдында басын иетін еді. Расулұллаһ

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)жеңіскежеткен әскерінің

басында болып, Хайбарға кірер кезде ноқтасы жіптен

жасалған есек мініп жүрген еді.

135

Ол «патша пайғамбар немесе құл пайғамбар»

болу жайында таңдауға жол берілгенде, ақ

көңілімен

«

құл пайғамбар

»

болуды жөн көрген еді.

136

Осыған байланысты ол мемлекет басшысы, әрі әскери

қолбасшы ретінде Меккеге кірерде түйеге мініп жүрген.

Кішіпейілділікпен басын төмен игенде, сақалы түйенің

ыңыршағына дейін жететін еді.

137

5. Әдебі мен Ұяңдығы

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

беті ашылмаған қыздан да ұялшақ еді. Аса ұяңдығынан

өмірде ешбір адамға ұрыспаған, жүріп келе жатқанда

үндемейтін, еш уақытта қарқылдап күлмеген.

Сол кездерде Арабстан және басқа мемлекеттерде

әдеп пен сыпайылыққа құрмет көрсетілмейтін. Араб-

тар тыр-жалаңаш жуынатын, тіпті Қағбаны тыр-

жалаңаш айналып тауаф ететін. Расулұллаһ (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) бұл іс-әрекеттен жиіркенетін

еді. Тіпті осы себепті моншалардан сақтануды

бұйырған еді. Тек монша орамалын қолданыпшомылуға

135. Асры Сағадат, II, 96

136. Хайсети, IX, 192

137. Ибн Хишам, Сира, IV, 48