82
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
тебемді пайғамбарлықпен үстем етті. Маған бұдан
артық құрмет көрсетулеріңді қаламаймын», -
дейді.
133
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ақ көңілділігі мен қарапайымдылығы жайында атақты
Хатем-и Таинің ұлы Адийді (радиаллаһу анһу)
тыңдап көрейік: «Мен Мәдинада айбынды патша-
мен кездесетінімді ойлаған едім. Мәдина мешітінде
Хазіреті Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қасына барып сәлем бердім. Ол:
«Бұл кім болады екен?» - деп сұрады.
Мен:
«Хатем ұлы Адиймін»,-дедім.
Орнынан тұрып мені үйіне шақырды. Құдай ақы,
мұны тек мен үшін істеді. Жолда арық бір қарт әйел
кезігіп, бізді тоқтатты. Ол әйелдің сөзін аяғына дейін
тыңдады. Мен ішімнен «бұл патшаның ісі емес» дедім.
Үйіне кірдік. Іші құрма талшықтарына толы бір
жастық алып, маған берді де:
«Мә, мынаған отыр», -
деді. Мен:
«Жоқ, сіз отырыңыз», - дедім. Ол:
«Жоқ, сіз-сіз...
» - деп қайталады. Отырдым. Өзі құрғақ
бір жерге отырды. Мен тағы да ішімнен «құдай-ау, бұл
патшаның ісі емес қой»-дедім. Сосын әңгімеге көштік:
- Е-е-е.
..
Хатем ұлыАдий! Сен - Рәкусисің,солай ма?
-Иә.
- Сен қауымыңнан ғаниметтің (соғыс олжасы)
төрттен бірін алатын ба едің?
133. Әбу Дәуіт, Әдеп, 10